Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 5271 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 08.06.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 16-8/09 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түйелердің арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты Айшуақ ауылдық округінің "Оңталап" шаруа қожалығының аумағында орналасқан Оразымбет қыстағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айшуақ ауылдық округінің әкімі А. Саттыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады