Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылында және Мәди ауылдық округінде "Бепеу-Қосық" шаруа қожалығының "Тайыншабаз" қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 219 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 тамызда № 4340 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 30.01.2018 № 39 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылында және Мәди ауылдық округінде орналасқан "Бепеу-Қосық" шаруа қожалығының "Тайыншабаз" қыстағы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Т.Ж. Көпжасаров

      2017 жыл 09 тамыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады