Қызылтал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 17/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 4298 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 22/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 04.09.2017 № 22/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан пастереллез ауруы пайда болуына байланысты Қызылтал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Уалихан Тілеуханұлы Оспановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады