Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 22/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 4343 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдың пастереллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Индустриальный, Корғанжар, Заречный және Қызылтал ауылдық округтерінің аумақтарында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 15/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 маусымдағы № 25 (5522) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 30 маусымда электрондық түрде жарияланған ), күші жойылды деп танылсын.

      3. Нұра ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 05 шілдедегі " Қызылтал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 17/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдедегі № 28 (5525) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 17 шілдеде электрондық түрде жарияланған ), күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Уалихан Тлеуханұлы Оспановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушысы
М. Жұманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады