Ақшатау кентінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшатау кентінің әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4097 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшатау кенті әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшатау кенті әкімінің 18.03.2017 № 02 (алғаш жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (құтырық) Шет ауданы Ақшатау кентінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақшатау кентінің әкімі Қ.Ә. Омарбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады