Мал жаятын орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 ақпанда № 5729 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің 03.05.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақпалкөл ауылдық округіндегі Бесмола учаскесінде 670 гектар, Ағаштыкөл учаскесінде 737 гектар, Бестам учаскесінде 527 гектар және Қараой учаскесінде 240 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақпалкөл ауылдық
      округінің әкімі Б. Тұңғышбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады