Ақсу қаласы Қалқаман селолық округінің Қалқаман ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-03/01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 5771 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1-03/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің 01.11.2018 № 1-03/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Қалкаман селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі Қалқаман ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақсу қаласы ветеринария бөлімі" (келесім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" (келесім бойынша), "Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" (келесім бойынша), осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме калдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалқаман селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы О. Ермекбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2017 жылғы "15" желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекеме басшысы К. Амренов
      2017 жылғы "15" желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекеменің басшысы Г. Батаев
      2017 жылғы "15" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады