Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 83 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 мамырда № 4186 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы əкімдігінің 31 шілде 2019 жыл № 145 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы əкімдігінің 31.07.2019 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Бекшенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р.Р. Нұрмұқанова
      2017 жылғы 14 сәуір

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017жылғы 14 сәуірдегі № 83 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      2) медициналық мейіргер;

      3) диеталық мейіргер;

      4) фельдшер.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      4) әлеуметтік педагог;

      5) педагог психолог;

      6) тәрбилеуші;

      7) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      8) қосымша білім беретін педагог;

      9) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      10) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      11) тәлімгер;

      12) кітапхана (меңгерушісі) әкімшісі;

      13) интернаттың (меңгерушісі) әкімшісі;

      14) кітапханашы;

      15) программист;

      16) бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      17) логопед.

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) кітапханашы;

      2) аккомпаниатор;

      3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) нұсқаушы-спортшы;

      2) жаттықтырушы.

      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ветеринар дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады