Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2060 "2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 3352 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 5214 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194 "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2060 "2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде, 2016 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулысымен бекітіліген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізімінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

4.

"Өскемен-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесінің бөлігі жарғылық капиталынан 49 (қырық тоғыз) пайыз мөлшерінде)

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының
      әкімі Қ. Тұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады