Қарабұлақ ауылындағы Қазан, Жетіген, Атаев, Абай, Малдыбаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 4899 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 29.01.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылдың 29 қарашадағы № 488 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарабұлақ ауылындағы Қазан, Жетіген, Атаев, Абай, Малдыбаев көшелеріндегі ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Зайсан аудандық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторына (С.Қожекенов) осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық
      округі әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Д. Бекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады