Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 қазандағы № 16 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 4944 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 05.04.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Рерспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туалы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 28 шілдедегі №01-18/334 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің Лубен ауылының Оңтүстік-Шығыс бағыттағы бағымына мүйізді ірі-қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
Ю.Бокаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады