Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 635 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 25 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылы 1 ақпанда № 5886 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 01 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарауылкелді ауылының "Бармақ батыр", "Барақ батыр", "Құрылысшылар" және "Қазақстан" көшелеріндегі ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 635 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5151 болып тіркелген, 2016 жылдың 8 желтоқсанында "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарауылкелді ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
округінің әкімі:
С. Жұбан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады