Шектеу іс-шараларын алу және Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 5 желтоқсандағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 5890 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-3/779 ұсынысына сәйкес, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің Сарыжар ауылы аумағында ірі мүйізді қара мал арасында сарып ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5153 болып тіркелген, 2016 жылдың 26 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сарыжар ауылдық округі әкiмi Р.Т. Ильясова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады