Арқалық қаласы Фурманов ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 тамызда № 8006 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің 20.03.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 01-20/545 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Фурманов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Фурманов ауылы әкімі Б. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ Қ. Бейсенов

      1 тамыз 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринарлық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________________ Е. Канапин

      1 тамыз 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Арқалық

      қалалық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________ Б. Қорғанбекова

      1 тамыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады