Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 1-03/08 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда № 6130 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 26 қазандағы № 2-19/909 ұсынысы негізінде, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәмәйіт Омаров атындағы
      селолық округінің әкімі Б. Сукер
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Нұржанов
      2018 жылғы 29 қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2018 жылғы 29 қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ақсу қалалық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Батаев
      2018 жылғы 29 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады