Шектеу іс – шараларының белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 тамызда № 4879 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 77 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 13.09.2019 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 17-07/156 ұсынысы негізінде Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының оңтүстік жағында үш шақырым жерде орналасқан, Беловод табына шектеу іс – шаралары белгіленсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Кішкенекөл ауылдық
округінің әкімі
С.Сәниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады