Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шақырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 қаңтарда № 4561 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 16-11/282 ұсынысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шакырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шакырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Амангелді ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 05, (2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 4324 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2017 жылғы 06 қазан № 44 "Кішкенекөл таңы" және "КызылТу" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданы
      Амангелді ауылдық округінің
      әкімі Қ.Жексембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады