Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 224 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 4154 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 415 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 16.08.2018 № 415 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 01-6/120 хатына сәйкес Қайыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыршақты ауылдық округі, "Өтепберген" шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малы арасында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты аталған шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық округі әкімі Ш. Қалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Атырау қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
А.С. Мұратова
      2018 жылғы "16" мамыр
      "Салимжан и К" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі директорының
міндетін атқарушы
Ж.К. Акжамалова
      2018 жылғы "16" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады