Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының "Ағайын" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 наурызда № 5503 болып тіркелді

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 10 ұсынысы негізінде, Кеңсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Кеңсай ауылдық округіндегі Сарши ауылының "Ағайын" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 "Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының "Ағайын" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5232 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Кеңсай ауылдық округінің әкімі Р. Тауасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады