Сарытерек ауылдық округінің Сарытерек ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5-11-181 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 16.08.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 30 қазандағы № 318 ұсынысы негізінде Сарытерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ :

      1. Сарытерек ауылдық округінің Сарытерек ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі А. Орынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады