Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 30 шілдеде № 5-14-170 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 16.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 18 мамырдағы №400 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға малдарын қосқан мал иелерінің мүйізді ірі қара малдарының арасынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


      Қалжыр ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Аксартова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады