Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда № 6578 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 08.06.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 2-10-3/283 ұсынысы негізінде, Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі мүйізді қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Есибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады