Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 23 желтоқсандағы № 3 "Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 маусымда № 23014 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-11-3/97 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 23 желтоқсандағы № 3 "Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ө. Ищанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады