Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Қожасай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 6021 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 26.09.2019 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 2-12-4/37 ұсынысына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Қожасай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батпақкөл ауылдық округі әкімінің м.а. К. Куанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады