Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 694 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 58 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 962 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы әкімдігінің 11.12.2019 № 962 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 13 тамызындағы № 03-12/552 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Әлімбеков көшесі № 2 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қатын көпір шағын ауданына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі Е. Айтаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады