Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 5197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қаршығалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қаршығалы ауылдық округі Көктас ауылының Тельман, Гагарина көшелерінің және "Жаңа жол" елді мекеннің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 01 "Қаршығалы ауылдық округі Көктас ауылының Тельман, Гагарина көшелерінің және "Жаңа жол" елді мекеннің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4874 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 шілдедегі № 29 (11673) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 19 шілдеде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Т.Ж. Көпжасаров

      13 ақпан 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады