Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/352 "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/332 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 маусымда № 3926 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/49 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 10-11-205 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/352 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2660 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Маңғыстау" газетінде және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасында:

      30 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар ("Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Құлшықов
      Маңғыстау облыстық мәслихаты хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Қуанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады