Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 8412 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 27.06.2019 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 01.06.2019 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 01-20/75 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан "Ибраев С.Д." шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал қарасанының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2019 жылғы 19 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады