Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы "БорщҰв Николай Михайлович" жеке кәсіпкері аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қыркүйекте № 8675 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 01-20/155 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы "БорщҰв Николай Михайлович" жеке кәсіпкері аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8538 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж. Серкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады