Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы "Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қарашада № 6623 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1-14/402 ұсынысы негізінде, Көктүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Көктүбек ауылдық округінде орналасқан "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың ринопневмония ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы "Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" №1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6455 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округінің әкімі С. Сагинбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жумабаев
      2019 жылғы "20" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е. Ахметов
      2019 жылғы "20" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады