Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 6455 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 20.11.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Көктүбек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Көктүбек ауылдық округінде орналасқан "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың ринопневмания ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көктүбек ауылдық
      округі әкімі С. Сагинбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жумабаев
      2019 жылғы "25" маусым
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е. Ахметов
      2019 жылғы "25" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады