Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 ақпанда № 4341 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 33 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 14.06.2019 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09-10/409 ұсынысы негізінде Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есбол ауылдық округінің Есбол ауылының Қуанышбаев көшесінің аумағында мүйізді ірі қара мал арасында құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Индер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Сабиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады