Есбол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 33 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 маусымда № 4421 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 09-10/112 ұсынысы негізінде Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есбол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 ақпандағы № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4341 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Сабиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады