Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 66 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 28 маусымда № 5108 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 103 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 11.09.2019 № 103 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 02-05/245 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекені, Қ. Айқынбеков көшесі № 87 мекен жайдағы үйде тұратын Е. Исаевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Қ. Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Сарыағаш ауданы
      Құркелес ауылдық округ
      әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы А. Рахимбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады