Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылы аумағындағы карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 5532 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 01-18/878 ұсынысы негізінде Алмаз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылы аумағында мүйізді ірі - қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 11 "Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5435 тіркелген, 2018 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Алмаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Б.Баракбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Г.Каиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады