Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7087 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 21.09.2020 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2-17/150 ұсынысы негізінде, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Қарасай ауылына қарасты Сағынбай қыстағында орналасқан "Орынбай" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә. Әлібекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады