Шектеу іс-шараларын алу және Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 2-18/277 ұсынысы негізінде, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Қарасай ауылына қарасты Сағынбай қыстағында орналасқан "Орынбай" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7087 болып тіркелген, 2020 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә. Әлібекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады