Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 6864 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 19.06.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 16-8/20 ұсынысы негізінде, Тоғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үй жануарлары арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, Тоғыз ауылдық округі Тоғыз бекетінің Толағай көшесінде орналасқан № 31, № 33, № 35 үйлер аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тоғыз ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Р. Алыпбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады