Жараспай ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 6045 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының әкімінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының әкімінің 06.11.2020 № 6 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жараспай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құстар арасынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруының анықталғанына байланысты Жараспай ауылының аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жараспай ауылының әкімі Б. Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады