Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 9602 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің 09.06.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № 01-20/475 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Милютин ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы К. Шнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады