Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 ақпанда № 8973 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 01-20/35 ұсынысы негізінде, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Жамбаскөл ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Белинский ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 қазандағы № 5 шешімінің (2019 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8707 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Ахмеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады