Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 9612 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қазандағы № 01-20/632 ұсынысы негізінде Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің Богородское ауылында орналасқан "Калиев Аскар Уразбаевич" шаруа қожалығының және Болбат Любовь Петровнаның жеке ауласының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Новоильинов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 маусымдағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9289 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Таймасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады