Карантинді тоқтату және Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі "Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" № 12 шешімі

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 7145 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 1-13/374 ұсынысы негізінде, Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі "Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6964 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ж. Сатканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады