Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қыркүйекте № 6932 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 14.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 27 шілдедегі Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысы № 2-19/345 ұсынысы негізінде, Сілеті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі Сілеті ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сілеті ауылдық округі әкімі К. Жусупбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ертіс
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бас
      мемлекеттік ветеринариялық –
      санитариялық инспекторының
      міндетін атқарушы Л. Ауталипова
      2020 жылғы "26" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады