Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы "Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 7185 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 2-19/652 ұсынысы негізінде, Сілеті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы "Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сілеті ауылдық округі әкімі К. Жусупбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады