Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 04 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 5985 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 10-11/159 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Петровка ауылында орналасқан "Есіл-Петровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара мал бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 12 (2019 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О. Конкабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады