Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 36 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 4784 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 26.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 11-10/269 ұсынысы негізінде Көздіғара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қайнар" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ұсақ қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көздіғара ауылдық округінің әкімі А. Ақбалашұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады