Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылының Ф.Оринбаев көшесіндегі № 13 үй ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 122 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 маусымда № 5641 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 01.07.2020 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 02-05/181 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарамұрт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылының Ф.Оринбаев көшесіндегі № 13 үй ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М. Нажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады