Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 19 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 5489 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 19.05.2020 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 02-05/15 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. М.Оразалиев ауылы Т.Рысқұлов көшесі, № 2 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты, Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев ауылының Т.Рысқұлов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлкент ауылдық округінің әкімі М. Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады