Шектеу іс-шараларын тоқтату және ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 5 "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылында Жамбыл, Свердлов, Пионерский, Юбилейный көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 8042 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 491 ұсынысына сәйкес, Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдан бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Жамбыл, Свердлов, Пионерский, Юбилейный көшелеріне аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Глуховка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 5 "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылында Жамбыл, Свердлов, Пионерский, Юбилейный көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7117 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын

      мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бесқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глуховка ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады